Қазақстандық нокаутер алғаш рет жеңіске жете алмады

Қазақстандық нокаутер алғаш рет жеңіске жете алмады

Малвейндегі (Канзас штаты, АҚШ) бокс кеші аясында қазақстандық Бахтияр Эюбов кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> сайты</span>.

Бахтиярдың қарсыласы мексикалық Хосе Луис Родригес болған. Бірінші жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылып, тең есеппен аяқталды. Үш төрешінің екеуі тең есепті тіркесе, біреуі жеңісті Родригеске берген.

Осылайша, бұған дейінгі 14 жекпе-жегінің бәрін ұтып, оның 12-сін нокаутпен аяқтаған Эюбов өз мансабында алғаш рет жеңіске жете алмай қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или