Жаңа Усейн Болт

Жаңа Усейн Болт

Американың Флорида штатында 7 жасар спортшы өсіп келеді, мамандар ол болашақта ямайкалық жеңіл атлет Усейн Болттың барлық жетістігін қайталай алады деп санап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рудольф Инграм жүз метр қашықтықты өз жасы үшін ғажайып уақытта жүгіріп өтеді – 13,48 секунд. Салыстырмалы түрде алсақ, дәл қазір бұл қашықтықта рекордты Болт 2009 жылы орнатты, ол 9,58 секундта жүгіріп өткен еді. Blaze («Жалын», Рудольфтің лақап аты) 60 метрді 8,69 секундта өтіп шығады.

Инграмның қатысуымен өткен 100 метрлік жарыстың видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті. Видеода «Жалынның» жылдамдығынан оның қарсыластары «шаң жұтып» қалғанын байқауға болады. 13,48 уақыты осы жас үшін әлемдік рекорд саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или