Бүгін Болгарияда Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

Бүгін Болгарияда Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

Қазақстан құрамасының боксшылары Болгарияда өтіп жатқан «Страндж» халықаралық турнирінде бүгін, 16 ақпанда алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш турнир 14 ақпан күні басталды. Оған әлемнің 40-тан астам мемлекетінен былғары қолғап шеберлері келді.

Жігіттер -10, қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Бұл турнирге біздің құрама сапында Теміртас Жүсіпов (49 келі), Әнуар Мұзаппаров (52 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Ерік Әлжанов (75 келі), Бек Нұрмағанбет (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) қатысады.

Боксшы Әбілхан Аманқұлдың жарақат алып қалуына байланысты оны 75 келі салмақта әріптесі Ерік Әлжанов алмастырып отыр.

Былтыр қазақстандық былғары қолғап шеберлері 1 алтын, 4 қола медаль алып қайтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или