Дэвис Кубогы: Қазақстанның қарсыластары белгілі болды
15 ақпанда Дэвис Кубогының финалдық кезеңіне жеребе тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Турнир 18 - 24 қарашада Мадридте өтеді.
Португалияны жеңген Қазақстан құрамасы өзінің қарсыластарын білді.
Біздің теннисшілеріміз Ұлыбритания мен Колумбия құрамаларына қарсы ойын өткізеді.
A тобы - Франция, Сербия және Япония.
Б тобы – Испания, Хорватия және Ресей.
C тобы – Аргентина, Германия және Чили.
D тобы – Бельгия, Австралия және Колумбия.
F тобы – АҚШ, Италия және Канада.
<span>Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирге 1995 жылдан бастап қатысып келеді, ал әлемдік топқа 2011 жылдан бастап қосылып, алты маусым бойы орнын сақтап келді. </span>
<span>Қазақстан құрамасы 2011, 2013, 2014, 2015 жылдары Әлемдік топтың ширек финалына дейін барып, үздік нәтиже көрсетті. </span>