Батыр Жүкембаевтың кезекті жекпе-жегіне дайындығы
Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) көктемде кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Қазіргі таңда қазақстандық боксшы дайындыққа кірісіп кетті.
<span>Бұған дейін Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізетіні хабарланды. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) немесе ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған болатын.</span>
<span>Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр қарсыласы Патрисио Мореноны бауыран ұрып құлатқан болатын. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтті.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или