Фируза Шәріпова Токио Олимпиадасына қатысуға ниетті
Фируза Шәріпова Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғауға ниетті, деп хабарлайды Propsorts.kz Қазақстанның кәсіпқой боксы вконтакте парақшасына сілтеме жасап.
<span>«2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқым келетінін бұрыннан айтып келемін. Кристина Хаммерді үлгі тұтамын, маған шабыт беретін де сол. Егер Кристина Қазақстанның атынан шығуды қалап тұрса, мен солай етуге міндеттімін. </span>
<span>Оған дейін, әрине, кәсіпқой бокста әлемнің абсолютті чемпионы болғым келеді. Бұл жағынан алғанда, Кристина екеуіміздің жоспарларымыз ұқсас. Кларесса Шилдске қарсы жекпе-жегінде оған болысамын», - дейді IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шәріпова. </span>
<span>Фирузаның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін Кристина Хаммер Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысу ниетін білдірген. </span>