«Странджа» турниріне қатысатын боксшылар белгілі

«Странджа» турниріне қатысатын боксшылар белгілі

Бокстан Қазақстан құрамасы Болгарияда өтетін «Странджа» турниріне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК порталына сілтеме жасап.

Биыл әйелдер арасында сегіз, ерлер арасында он салмақта өтетін додаға әлемнің 40-тан аса елінен спортшылар қатыспақшы.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, бокс бәсекесін 300-ден аса спортшылар жиналмақ. Турнир 14-19 ақпан аралығында Болгария астанасы Софияда өтеді. 

Қазақстан құрамасының бас бапкері «Странджа» турниріне қатысатын боксшылар есімін атады. Олар: 

49 келі: Теміртас Жүсіпов

52 келі: Әнуар Мұзапаров

56 келі: Қайрат Ерәлиев 

60 келі: Зәкір Сафиуллин

64 келі: Санатәлі Толтаев

69 келі: Абылайхан Жүсіпов

75 келі: Ерік Әлжанов

81 келі: Бек Нұрмағанбет

91 келі: Василий левит

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

75 келі салмақта ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшысы Әбілхан Аманқұл жарақатына байланысты жарысқа қатыспайды. Оның орнына вице-чемпион Ерік Әлжанов аттанып отыр. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или