Федерация кубогы: Қазақстан Ұлыбританиямен ойнайды
Бүгін, 12 ақпанда, теннистен Федерация кубогы ІІ Әлемдік топтың плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеребе нәтижесіне сай, Қазақстан құрамасы Ұлыбритания теннисшілерімен кездесетін болды. Матчтар 20 және 21 сәуірде Ұлыбританияда өтеді.
Жеребе нәтижесі төмендегідей:
Ресей - Италия
Голландия - Жапония
Ұлыбритания - Қазақстан
Словакия - Бразилия
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия/Океания аймағындағы А тобында Таиланд пен Үндістанды жеңіп, өз тобында бірінші орын алған болатын. Одан кейін В тобында топ жарған Қытай құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, <span>ІІ Әлемдік топтың плей-офф кезеңіне жолдама алған. </span>
<span>Қазақстан ұлттық құрамасы осымен үшінші рет плей-офф кезеңінде өнер көрсеткелі отыр. 2013 және 2017 жылдары біздің команда Франция мен Канадаға қарсы ойнаған еді.<br /></span>