Сочи - 2014. Бағлан Іңкәрбек пен Сергей Берестовский жарысқа түседі

Сочи - 2014. Бағлан Іңкәрбек пен Сергей Берестовский жарысқа түседі

Сочи Олимпиадасында бүгін спорттың 7 түрінен жүлделер сарапқа салынады. Ал қазақстандық спортшылар тек фристайл-акробатика бойынша қатысады. Спорттың бұл түрінен Бағлан Іңкәрбек пен Сергей Берестовский ел намысын қорғайды.

Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып отырған фристайлшылар іріктеу кезеңінен сүрінбей өтуге тырысады. Іріктеу кезеңін «KAZsport» телеарнасы 19:40-та тікелей эфирде ұсынады. Ал финалдық кезең 23:25-те басталады.

Айта кетейік, акробатика бағдарламасы бойынша қыздар бәсекесінде Беларусь спортшысы Алла Цупер топ жарған еді. 18 жастағы қазақстандық Жанбота Алдабергеова ақтық сынға дейін жетіп, 6-шы орынды иеленді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан жалпы есепте 25-ші орынды Украина спортшыларымен бөлісіп тұр. Ел қоржынындағы әзірге жалғыз «қоланы» мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или