Фируза Шәріпованың андеркардында рингке шыққан боксшыны өлтіріп кетті

Фируза Шәріпованың андеркардында рингке шыққан боксшыны өлтіріп кетті

16 ақпанда марқұмның кәсіпқой рингтегі төртінші жекпе-жегі өтуі тиіс болатын

Екі салмақ дәрежесінде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова қаза болған ресейлік боксшы Александр Костроминнің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды<span> </span>Sputnik Қазақстан.

<span>"Менің андеркардымда өнер көрсеткен боксшы Александр Костроминді өлтіріп кетті! 9 ақпанда 30 жасқа толар еді. Александрдың артында әйелі мен бес жасар ұлы қалды. Отбасына қайғырып көңіл айтамын. Оның жоғары жетістіктерге жету жолындағы өмірі осылай тоқтап қалғаны өте өкінішті", - деп жазды Шәріпова </span>инстаграмдағы<span> парақшасында.</span>

Костроминді Белградта 7 ақпан күні атып кетті. Костромин кәсіпқой бокстағы үш жекпе-жегінде де жеңіске жеткен, екеуін мерзімінен бұрын аяқтады. 16 ақпанда Латвияның Рига қаласында оның төртінші жекпе-жегі өтуі тиіс болатын.

<span>Ақпарат көзі: </span>https://sputniknews.kz/sport/20190209/9235249/Firuza-Sharipova-boksshy.html

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или