Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатының» күміс жүлдегері атанды

Тұрсынбаева «Төрт құрлық чемпионатының» күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Анахайм қаласында (АҚШ) өтіп жатқан «Төрт құрлық чемпионатында» күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрсынбаева бүгін еркін бағдарламада 139.37 ұпай жинады әрі қос бағдарлама қорытындысында 207.46 ұпай еншілеп турнирде екінші орын алды. Айта кетерлігі, Элизабет еркін бағдарламада осы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетті. 

Еске салайық, кеше қысқа бағдарламада қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 68,09 ұпаймен 6-шы орынды иеленген болатын.

Турнирде 221.99 ұпай жинаған жапон қызы Рика Кихира жеңімпаз атанды. Ал қола жүлде оның отандасы Маи Миахараға (207.12 ұпай) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или