Жүкембаев наурызда жекпе-жек өткізеді

Жүкембаев наурызда жекпе-жек өткізеді

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) көктемде кезекті жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 «Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Мен Келесі жекпе-жегімді наурыз айында өткізетін болдым ин ша Алла!

Кездесудің қай жерде болатыны және қарсыластың кім екенін жақын күндері xабарлаймыз! Қолдаударыңыз үшін үлкен рақмет!», -дейді боксшы өзінің инстаграм-парақшасында.

<span>Естеріңізге сала кетейік, 6 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Батыр қарсыласы Патрисио Мореноны бауыран ұрып құлатты. Бұл жекпе-жек WBC International белбеуі үшін өтті.</span>

<span>Бұған дейін Жүкембаев келесі жекпе-жегін 26 қаңтар Квебекте өткізеті хабарланды. Бұл жекпе-жекте ол бір клубта жаттығатын Матье Жерменмен (16-0, 8 КО) немесе ТОП-15 тізіміндегі боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған болатын.</span>

<span>Бұл кеште тағы бір қазақстандық боксшы, 25 жастағы Сабыров андеркартта екінші орта салмақ аясында 32 жастағы аргентиналық Сезар Рейносомен (15-11-4, 7 КО) жұдырықтасады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или