Головкин Канелодан жеңілгенін мойындай ма

Головкин Канелодан жеңілгенін мойындай ма

Boxingnews24.com журналисі Арагон Гарсияның айтуынша, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жекте жеңіліп қалғанын мойындайды.

«Рематчта Головкин «Канелоның» ғажайып күшімен кездесті, мексикалық боксшы оған инсайдта қалай жұдырықтасу керек екенін көрсетті. Осы жеңілістен соң Головкин үндемей, ештеңе дей алған жоқ. Әдетте боксшылар әділетсіз жеңілгенін сезсе, БАҚ-қа шағымданып жатады. Ал жеңіліп қалғанын түсінсе, ештеңе демей, көзден ғайып болады. Головкиннің жеңілістен соң белсенді болмай кеткенін былай түсінуге болады: ол өзінің жеңіліп қалғанын біледі», - деп жазды автор.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы рематчта мексикалық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или