Венгрияның Дребецен қаласында бокстан Иштван Боскай атындағы 63-ші халықаралық турнир басталды
Венгрияның Дребецен қаласында бокстан Иштван Боскай атындағы 63-ші халықаралық турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Турнирге Қазақстан командасы 8 боксшы апарды. Кешегі жарыс күнінде біздің құрама сапынан бір спортшымыз жеңіліске ұшырады.
+91 келіде бақ сынаған Нұрлан Сапарбай хорватиялық Марко Миллиннен ұтылды.
52 келідегі Сәкен Бибосынов италиялық Федерико Емилио Сараны жеңді.
56 келідегі Оразбек Асылқұлов Венгрия өкілі Тамаш Борсостан басым түсті.
60 келідегі Серік Теміржанов украиналық Алексей Козелокты ұтса, 69 келідегі Ермахан Жакпеков венгриялық боксшыдан өз мықтылығын дәлелдеді.
75 келідегі Тұрсынбай Құлахметов ұлыбританиялық Льюис Ричардсоннан айласын асырды.
81 келідегі Михаил Коханчик испаниялы Мигель Куадрадоны жарыс жолынан ығыстырды.
64 келідегі Сабыржан Бекбергенов әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.