Боксшыларымыз Венгриядағы халықаралық турнирге аттанды
5-10 ақпан аралығында Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Боскай Иштванды еске алуға арналған 63-ші халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін жеребе тарту рәсімі мен ашылу салтанаты және алғашқы жекпе-жектер өтеді деп жоспарланған.
Ұлттық құрама бапкері Ғалымбек Кенжебаев дәстүрлі бокс бәсекесіне төмендегі спортшыларды алып барды:
52 келі. Сәкен Бибосынов
56 келі. Оразбек Асылқұлов
60 келі. Серік Теміржанов
64 келі. Сабыржан Бекбергенов
69 келі. Ермахан Жакпеков
75 келі. Тұрсынбай Құлахмет
81 келі. Михаил Коханчик
+91 келі. Нұрлан Сапарбай
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы 8 қаңтардан бастап АІВА академиясының базасында жаттығу жиындарын өткізді.