Тұрсынбаева мен Манько «Төрт құрлық чемпионаты» турниріне қатысады
Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Төрт құрлық чемпионаты» турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.
05-10 ақпан аралығында өтетін чемпионатқа Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько қатысады.
Элизабет Тұрсынбаева турнирге дайындық кезеңін Мәскеуде, бапкері Этери Тутберидзенің қол астында өткізді.
«Төрт құрлық чемпионаты» аяқталған соң, Тұрсынбаева Ресейде өтетін Универсиада ойындары мен Жапониядағы әлем чемпионатына қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или