Қазақстандық Коточигов титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Коточигов титулды жекпе-жек өткізеді

Boxrec.com порталының ақпаратына сүйенсек, 25 жастағы қазақстандық Виктор Коточигов (7-0, 3 КО) 1 наурызда екінші жартылай жеңіл салмақта Польшаның халықаралық чемпионы титулына таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Польшаның Легьоново қаласында өтеді. Коточиговтың қарсыласы жергілікті боксшы Петр Гудель (9-2-1, 1 КО) болмақ. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.

Қазақстандық боксшы соңғы рет былтыр қыркүйекте Сан-Петерборда рингке шыққан болатын. Сол кезде ол таиландтық Аеккави Каевманиді төртінші раундта нокаутқа түсірген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или