Сочи - 2014. Фристайл. Алдабергенова - 6-шы

Сочи Олимпиадасында фристайлдың акробатика бағдарламасы бойынша сынға түскен 18 жастағы Жанбота Алдабергенова ешкім күтпеген нәтижеге қол жеткізді.

Жанбота Алдабергенова бірінші іріктеу кезеңінде 74,82 ұпай жинап, тоғызыншы орында аяқтады. Ақтық бәсекеге тікелей жолдама алмағанымен, екінші іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік алды. Бұл кезеңде бесінші орынға ие болып, финалға шықты.

Қазақ қызы бірінші финалда үздік 8 спортшының қатарына енді. Ал екінші финалда 68,44 ұпай жинап, жарысты 6-шы орында аяқтады.

Бұл бәсекеге қатысқан тағы бір спортшы Жібек Арапбаева жалпы есепте 19-шы орыннан көрінді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или