Мадияр Әшкеев Сергей Ковалевті жеңісімен құттықтады
Қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (11-0-0, 6 КО) өзінің Инстаграм парақшасында бүгін колумбиялық Элейдер Альваресті жеңген ресейлік Сергей Ковалевті құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Реванш жекпе-жегінде Ковалев жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атанған болатын.
«Серега Альвареске қарсы жекпе-жекте нағыз чемпион екенін көрсетті», - деп жазды Әшкеев.
Бұл жазбамен қатар, Мадияр Ковалев түсірілген видеоны жүктеді. Мұнда Сергей Әшкеевтің баласы Алдиярды бокс техникасына үйретіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или