Головкинмен реванш өткіземін - Дэниэл Джейкобс
<span>IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс мексикалық Сауль «Канело» Альваресті жеңcе Геннадий Головкинмен қайта кездеседі, - деп хабарлайды Аllboxing.ru сайтына сілтеме жасап. </span>
<span>«Бұл мен үшін тамаша сценарий, өйткені мен Головкинмен бірінші жекпе-жекте жеңіске жеткеніме сенімдімін. Сондықтан, мен «Канелоны» жеңген кезде, Головкинмен есепті теңестіру үшін реванш аламын», - деді Дэниэл Джейкобс lvsportsnetwork.com сайтына берген сұхбатында. </span>
<span>Боксшы Сауль Альварес өте мықты қарсылас екенін түсінеді, бірақ ол 4 мамырда жеңіске жету үшін өзіндегі мықты тұстарының барлығын іске қосатынын айтады. «Мен физикалық тұрғыдан одан мықтымын, бойым да биік, денем де ірі. Ол маған қарағанда әлдеқайда кішірек», - деді Джейкобс. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или