Сергей Ковалев колумбиялық қарсыласын жеңді
Ресейлік боксшы Сергей Ковалев колумбиялық Элейдер Альваресті қарымта кездесуде жеңіп, жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қайтарып алды, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
<span>Жекпе-жек АҚШ-тың Техас штатындағы Фриско қаласында өтті. Олардың кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Қос боксшы осыған дейін кездескен. Колумбиялық боксшы ресейліктің WBO белбеуін тартып алған еді. 12 раундтық кездесу Ковалевтің жеңісімен аяқталды. Матч 120:108, 116:112, 116:112 есебімен аяқталды. </span>
<span>Осылайша 35 жастағы ресейлік боксшы 33-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 28-ін ол мерзімінен бұрын аяқтаған еді. Спорттық мансабында үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен. 24 кездесуде жеңіске жеткен 34 жастағы Альварес үшін бұл кәсіпқой рингтегі бірінші жеңілісі. </span>