Қазақстандық теннисші халықаралық жарыста жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші халықаралық жарыста жеңіске жетті

<span>Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Лонсестонда (Аустралия) өткен ITF турнирінің жеңімпазы атанды.</span>

<span>Дүниежүзілік рейтингте 169-орында тұрған Е.Рыбакина финалда әлемнің 131-ракеткасы, ресейлік Ирина Хромачевамен күш сынасты. Бірінші партияда қазақстандық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте ресейлік теннисші кездесуді жалғастырудан бас тартты. Бәсеке 1 сағат 14 минутқа созылды.</span>

<span>Осылайша, Е.Рыбакина жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыстың жеңімпазы атанды. Ол турнир барысында әуелі аустралиялық Нэйкта Бэйнс, осы жарыстың 1-ракеткасы, рейтингте 105-сатыдағы германиялық Лаура Зигемунд, Тайвань елінің өкілі Чжан Кайчжэнь және жартылай финалда бельгиялық Марина Заневскаяны тізе бүктірді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или