Евгений Плющенко үлкен спортпен қош айтысты

Евгений Плющенко үлкен спортпен қош айтысты

Мәнерлеп сырғанаудан әлем және Олимпиада чемпионы, ресейлік Евгений Плющенко үлкен спорттан кететінін айтты деп хабарлайды "Р-Спорт".

"Мен спорттық карьерамды аяқтадым. Жас келгендіктен емес, әрине. Дегенмен, 12 операция деген тым көп" деді ол.
Мұндай мәлімдемені Плющенко жаттығу кезінде алған жарақатынан кейін хабарлады. Арқасын ауыртып алған ол жарыс басталғанға дейін қатарда болған. Алайда, айдынға шығарда төрешілерге барып, жарысты жалғастыра алмайтындығын айтты.
Бұған дейін 31 жастағы спортшы Сочи Олимпиадасының командалық турнирінде алтын медальға қол жеткізген болатын. Арқасын ол дәл сол жарыста да бір рет ауыртып алған көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или