Головкин промоутер Том Леффлермен байланысын әлі үзген жоқ

Головкин промоутер Том Леффлермен байланысын әлі үзген жоқ

Worldboxingnews.net сайты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен оның промоутері Том Леффлер арасындағы байланыс үзілгенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Том Леффлер орта салмақтың бұрынғы патшасымен барлық байланысын үзді деген ақпараттарға қарамастан, олар әлі де байланыста. Бірақ Абель Санчес айтқандай, Головкиннің болашағы туралы шешімді оның өзі қабылдайды», - деп жазды басылым.

Бұған дейін шетелдік БАҚ Головкин өз промоутері Том Леффлердің қызметінен бас тартқанын жазған болатын. Том бұл ақпаратты жоққа шығарғанымен, көптеген сарапшылар боксшы мен промоутердің байланысы үзілгенін жазуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или