Дэвис кубогы: Недовесов пен Хабибуллин жұптық бәсекеде жеңіліп қалды
Бүгін Астанада Дэвис кубогы іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Португалия құрамалары кездесуінің екінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы жарыс күнінен кейін жергілікті теннисшілер 2:0 есебімен алға шыққан.
Атап айтқанда, Александр Бублик Жоао Соузаны, Михаил Кукушкин Педро Соузаны жеңіп, Қазақстан құрамасын алға шығараған болатын.
Ал бүгін <span>кортқа жұптық бәсекеде өнер көрсететін жігіттер шықты. </span>
<span>Өкінішке орай, Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин португалиялық Жоао Соуза-Гаштау Элиаш жұбынан жеңіліп қалды. </span>
<span>1 сағат 42 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 3:6, 4:6 есебімен аяқталды. </span>
<span>Осылайша жалпы есеп 2:1-ге өзгерді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или