Еділ Қожамбердиевтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Еділ Қожамбердиевтің келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиевтің (5-2, 5 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші ауыр салмақ дәрежесінде қолғап түйістіретін отандасымыз 9-шы ақпан күні (Қазақстанда 10-шы ақпан, таңертең) Мексиканың Тихуан қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға көтеріледі. Төрт раундқа жоспарланған жекпе-жектегі қарсыласы жергілікті боксшы Хуан Карлос Морено (4-26-3, 3 КО) болады.

Еділ Қожамбердиев алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың 15-ші қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы бокс кешінде өткізіп, қарсыласы әзербайжандық Анар Абдуллаевты (2-6, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңген еді.

Айта кетсек, алдағы жекпе-жек Еділ Қожамбердиевтің Мексикадағы бірінші кездесуі болмақ, бұған дейін ол екі реттен АҚШ пен Ресейде және үш мәрте Қазақстанда қолғап түйістірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или