Бүгін қай спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді?

Бүгін қазақстандық тау шаңғышылары сынға түседі. Суперкомбинация бағдарламасы бойынша Мартин Хубер мен Игорь Закурдаев қатысады. Құлдилай түсу кезеңі - 12:00-де, ал слалом – 17:30-да басталады. Бәсекені «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.

Ал 16:00-де шаңғы жарысынан 15 шақырымдық классикалық стильде ерлер бәсекесі жоспарланған. Біздің елдің атынан Ердос Ахмадиев, Николай Чеботько, Евгений Величко және Алексей Полторанин шығады. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир ұсынады.

Фристайлдың акробатика бағдарламасы 19:45-те басталады. Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова финалдық кезең үшін жарысқа түспек.

20:00-де биатлоншы қыздар жекелей сында 15 шақырымға жүгіреді. Елена Хрусталева, Дарья Усанова, Галина Вишневская және Алина Райковаға жанкүйерлер сенім артып отыр. Тікелей эфир - «KAZsport» телеарнасында.

Абзал Рақымғалиев пен Денис Тен мәнерлеп сырғанау сайысында жүлдеге таласады. Жарыс 20:55-те басталады. «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Сонымен қатар, шаңғымен тұғырдан секірушілердің іріктеу кезеңі өтеді. Бұл сайысқа Алексей Пчелинцев қатысады. Сайыстың басталу уақыты - 23:30.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или