Сочи - 2014. Денис Тен қысқа бағдарламаны 9-шы болып аяқтады

Сочи - 2014. Денис Тен қысқа бағдарламаны 9-шы болып аяқтады

Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жекелей сында ел сенім артқан Денис Тен қысқа бағдарламаны 9-шы болып аяқтады.

Сырғанау барысында бір элементте қателікке бой алдырған қазақстандық спортшының 1,00 ұпайын төрешілер алып тастады.

Денис Теннің жалпы ұпай жиынтығы - 84,06. Оның ішінде бағдарлама жиынтығына 41,57 ұпай, ал жеке элементтердің орындау шеберлігіне 43,49 ұпай берілді.

Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша әлем рекордын жаңартқан жапондық Юзуру Ханю бірінші орынға көтерілді. 19 жастағы спортшы 101,45 ұпайға ие болды.  Екінші және үшінші сатыға канадалық Патрик Чан мен испандық Хавьер Фернандес орналасты.

Келесі кезеңге 24 спортшы жолдама алды. Бүгін мәнерлеп сырғанаушылар еркін бағдарлама бойынша сынға түседі. Сайыс 20:55-те басталады. «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир жүргізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или