Ресейлік танымал бағдарлама Али Балоевтың қатысуымен бейнетүсірілім дайындады
«Бокс ТВ» ресейлік телеарнасының «Лица» бағдарламасына қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Балоев (8-0-0, 7 КО) қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жүргәзуші Екатерина Березовая түсірілім үшін спортшының жаттығу лагерінде екі күнін өткізді.
Балоев шаршы алаңнан бөлек алдағы жоспарларымен бөлісті. Түсірілімге арнайы екі салмақ категориясында әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова мен оның менеджері Сергей Завилейский, Балоевтың менеджері Руслан Алиев және бапкері Сағатбек Мұсаханов қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или