Live
Спорттағы коронавирус
Ұлттық спорт

Айбек Нұғымаров білім саласына басшылық қызметке тағайындалды

ШҚО әкімдігінің білім басқармасы «Көлік колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметіне Айбек Серікболұлы Нұғымаров тағайындалды. Бұл туралы ақпарат аталмыш басқарманың сайтында жарияланған.

Айбек Нұғымаров 1987 жылы 3 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Құндызды деген шағын ауылда дүниеге келген. Қазақ күресінен әлемді бірнеше рет  бағындырған  жалғыз балуан. Үш дүркін (2008, 2009, 2014) Азия чемпионы. Оның лақап аты – Шығыс барысы.  Спорттық атағы – Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Көлік колледжі – 1997 жылы ҚР Үкіметі бұйрығымен автомеханикалық коллледж бен су көлік колледжі және Семей жол-механикалық колледжін қосарлау негізінде құрылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0