Қазақстандық кенші-спортшы Олимпиада-2020 қатысуы мүмкін
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының тау-кен шебері Данил Полянский жұмысы мен спортты қоса алып келеді, деп хабарлайды Prosports.kz өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ол кәсіби түрде жеңіл атлетикамен айналысады. Кенші-спортшы олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың сыйлығына арналған Халықаралық турнирде алтын медаль ұтып алды. Данил Полянский сырықпен секіруде 5.35 м биіктікті алып, бірінші орында болды. Чемпионды Василий Карпов жаттықтырады.
- Спорт пен шахтадағы жұмысымды бірге алып жүру өте қиын, алайда әзірге қолымнан келіп отыр. Мен өзім кеншілер әулетінен шыққанмын. Шахтинскіде дүниеге келдім. Әкем 34 жыл үңгуші болып жұмыс істеді, үлкен ағам Ленин шахтасында тау кен жұмыскері болып қызмет етеді. Атам да кенші болған. Бұл кәсіп менің қанымда бар! Қазір менің спорттың мақсатым – Токио-2020 олимпиадалық лицензия алу, - дейді Данил Полянский.
Қазір ол 27 жаста, оның 17 жылын спортқа арнаған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетті тәмамдаған соң шахтаға жұмысқа орналасқан.
Наурызда ұлт құрамасының құрамында Данил Полянский Түркияға Азия чемпионатына дайындалуға аттанады. Аталмыш сайыс келесі жылдың сәуірінде Катарда өтеді.