Бахтияр Артаев: «Саясатты қуып жүр» деген алыпқашпа әңгімелер, өтірік»
<div style="text-align: justify;">
<strong>«Астана» Президентік кәсіпқой спорт клубының директоры, 2004-жылғы бокстан Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев саясатқа араласпайтынын айтты.</strong></div>
<div style="text-align: justify;">
</div>
<div style="text-align: justify;">
«Ел аузынан өзім туралы түрлі сыбыстар естідім. «Саясатқа бет бұрды», «Әкімшіліктен жылы орын іздеп жүр яки спорт министрі болғысы келеді» дейтіндер көп мен жайлы. Мұның бәрін жоққа шығарамын. Себебі басты мақсатым спортшыларды тәрбиелеп, оларды үлкен жетістіктерге жетуіне үлес қосу. Спорттағы өмірімді жалғастырамын. «Саясатты қуып жүр» деген алыпқашпа әңгімелер, өтірік. Мен қарапайым адаммын, тек халқыма жақын болғым келеді», - деді Артаев Bnews.kz сайтына.</div>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или