Бокстан бапкерлер кеңесіне кімдер кірді
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев команданың бапкерлер қосынына кімдер кіретінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Команданың аға бапкері қызметіне Марат Жәкиев тағайындалды. Сондай-ақ, бапкерлер кеңесіне Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Ақүрпеков, Марат Манашев, Жәміл Дүсіпов және Андрей Спиридонов енді. Бұл күндері АІВА академиясында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз», - деді бас бапкер.
Еске сала кетейік, ұлттық құрама ақпан айында Үндістан мен Венгрияда өтетін халықаралық турнирлерге қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или