Сочи - 2014. Бүгін Денис Тен жарыс жолына шығады

Бүгін Сочи Олимпиадасында қазақстандық спортшылар жарыстың бес түрінен сайысқа түседі.

Алдымен, қазақстандық щаңғышылар сайысқа түседі: Елена Коломина, Татьяна Осипова және Анастасия Слонова. Он шақырым қашықтыққа созылған бәсекеде біздің спортшылар аутсайдерлердің қатарында. Дегенмен, жерлестеріміз үздік отыздыққа іліну үшін бар күштерін жұмсамақ. Бәсекені Хабар телеарнасы сағат 16:00-де тікелей эфирден көрсетеді.

Артынша шорт-тректен бес мертлік сайыс басталады. Мұнда отандастырымыз финалға шығып жатса, соның өзі біз үшін жетістік болмақ.

Сағат 20:00-де Биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымға жекелей сайыс өтеді. Қазақстан атынан - Сергей Наумик, Антон Пантов, Ян Савитский және Александр Трифонов жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ «Адлер-Аренада» конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1000 метрлік сайысқа жалғыз қазақстандық Екатерина Айдова қатысады.

Ал кешке жақын, мәңерлеп сырғанау сайысына екі өкіліміз - Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев мұз айдынына шығады. Бәсекені 21:00-де Хабар телеарнасы тікелей эфирден таратады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или