Уайлдер - Фьюри арасындағы екінші жекпе-жек 27 сәуірде немесе 18 мамырда өтеді

Уайлдер - Фьюри арасындағы екінші жекпе-жек 27 сәуірде немесе 18 мамырда өтеді

WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақта әлем чемпионы Деонтей Уайлдер мен бұрынғы чемпион Тайсон Фьюри арасындағы екінші жекпе-жектің қашан, қайда өтетіні алдағы екі аптада белгілі болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта екі ықтимал дата бар - 27 сәуір немесе 18 мамыр. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Barclays орталығының аренасында өтуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы жекпе-жекте 2018 жылдың 1 желтоқсанында өткен. 12 раунд бойы жұдырықтасқан боксшылар тең тарқасты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или