Аида Сатыбалдинова мексикалық боксшыны қатарынан екі рет жеңді
Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинованың кезекті жекпе-жегі мексикалық Тихуан қаласындағы бокс кеші аясында өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рингте Аида мексикалық Вероника Вальтиеррамен жұдырықтасқан. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, бұл Сатыбалдинованың кәсіпқой рингтегі бесінші жеңісі болды.
Айта кетейік, 26 жастағы Вальтиерра бұған дейін де Аидамен кездескен еді. Сол кезде де қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или