QazSport Ахмедовтың жекпе-жегін көрсете алмады. Енді жазба нұсқасын көрсетеді

QazSport Ахмедовтың жекпе-жегін көрсете алмады. Енді жазба нұсқасын көрсетеді

«QazSport» телеарнасы қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың жастар арасындағы әлем чемпионы белбеуі үшін өткен жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетуі керек болған, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ канадалық тараптан техникалық проблемалар болғандықтан, сигнал «Қазақстанға» жетпеді. Садриддинге телеарна өкілі Whats App мессенджері арқылы хабарлаған. Хабарламаны боксшы Инстаграмда жариялады.

«Канада сигнал бере алмады. Өкінішке қарай, сіздің жеңісініңді тікелей эфирде бере алмадық. Енді жазба нұсқасын сұратып жатырмыз», - деп жазылған хатта.

Кейін тағы бір хат келіп, енді жекпе-жекті жазба нұсқада көрсететіндерін айтқан: «Садриддин, осы қазір ғана Канададан видеоңызды алдық. Алла қаласа, Астана уақытымен кешкі 23:00-де Qazsport телеарнасы қайталап көрсетеді».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или