Биатлоншы Роман Еремин әлем кубогінде үздік жиырмалыққа енді

Биатлоншы Роман Еремин әлем кубогінде үздік жиырмалыққа енді

Бүгін Италияның Антхольц-Антерсельва аймағында өтіп жатқан биатлоннан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Роман Еремин 18-ші орын иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол спринтерлер жарысында алғашқы жиырмалыққа еніп отыр.

10 шақырымға созылған сында Қазақстан намысын Роман Еремин,Тимур Куц және Петр Ермоленко қорғаған болатын. 

Роман Еремин өзінің ғана емес, Қазақстан құрамасының биылғы нәтижесін жақсартты. Ол 24 минут 57.6 секундта мәреге жетіп, 18-ші орынға тұрақтады. 

Осы көрсеткіші арқылы Еремин 23 ұпайға қол жеткізіп, жалпы есепте 43-ші орынға көтерілді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или