Ткаченко әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Ткаченко әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Сергей Ткаченко тұғырдан секіруден қола медаль жеңіп алды деп хабарлайды Prosports.kz Olimpic.k сайтына сілтеме жасап. 

Алтын медальді норвегиялық Томас Маркенг иеленді. Ол 252.1 ұпаймен жалпы есепте көш бастаған болатын. 

Екінші орында 250.8 ұпай жинаған Германия өкілі - Лука Роуз. 

Қазақстандық<span> </span>Сергей Ткаченко 248.9 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Команданың бас бапкері Павел Васильев бұл жеңістің тарихи екенін айтып өтті: «Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының медалін алдық. Әрине, біз бұл жетістігімізбен қуанамыз. Сонымен қатар, жарысқа  Никита Девяткин, Глеб Сафонов, Нұршат Тұрсынжанов қатысты. Осы жылы кеңейтілген квотаға алып, еліміздің атынан төрт спортшы апару құқығына ие болдық. Бұрын біз тек екі адамды ғана жарысқа шығара алатын едік. Алғаш рет, командалық жарысқа қатысамыз. 12 команда қатысатын финалдық кезеңге өттік. Бұл да тарихта тұңғыш рет», – деді жаттықтырушы. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или