Асхат Слямханов «Иван Ярыгин» турнирінің финалына шыға алмады
Красноярск қаласында еркін және әйелдер күресінен дәстүрлі «Иван Ярыгин» турнирі өтіп жатыр, деп жазады prosports.kz.
Бүгін бозкілемге шыққан қазақстандық балуан Асхат Слямханов (70 келі) финалға шыға алмады. Ол жартылай финалда Моңғолия спортшысы Мандахнаран Ганзоригдан жеңілді.
Еліміз атынан қатысып жатқан тағы бір балуан Абзал Өкенов (57 келі) іріктеу кезеңінен аса алмады.
Айта кетейік, «Иван Ярыгин» турнирі Гран-при санатындағы рейтингілік жарыс саналады. Турнирдің жеңімпазы 8 ұпай еншілесе, күміс жүлдегер 6, қола жүлдегер 4, ал бесінші орын иегері 2 ұпай иеленеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или