Спорт кешенін Денис Теннің атына ауыстыру туралы петиция басталды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанкүйерлері Алматыдағы «Халық Арена» кешенін спортшының құрметіне атауды ұсынды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Бастамашыл топ «Халық Арена» кешенін спортшының есіміне ауыстыру туралы петицияға қол қоюды бастады. Қазірдің өзінде 1300-ден астам адам қол қойған.
«Біз, Денис Теннің жанкүйерлері, достары, оны жақсы көретін жандар Алматы әкімдігінен Алматы қаласы Құлжа тракт, 2 көшесінде орналасқан «Халық Арена» мұз айдынының атауын тәуелсіз Қазақстан тарихында олимпиада ойындарының (2014), әлем чемпионаттарының (2013, 2015), төрт құрлық чемпионатының (2015), қысқы универсиада, қысқы Азия ойындарының медальдеріне (2017) ие болған бірінші және жалғыз қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, ИСУ турнирінің медалін жеңіп алған, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген шебері, алматылық Денис Теннің атына ауыстыру мәселесін қайта қарауды сұраймыз.
Денис Тен қазақстандық мәнерлеп сырғанаудың беткеұстары болды, еліміздегі спорттың бұл түрінің негізін қалаушы және Қазақстанның халықаралық спорт имиджінің нығаюына өзіндік үлесін қосты.
Денис өмірін елінің өсіп-өркендеуіне арнады, шығармашыл жастарға, жас спортшыларға және отандастарына шабыт сыйлады.
Біз, Қазақстан азаматтары қазасы әлемді қайғыртқан көрнекті мәнерлеп сырғанаушының есімін мұз айдынына беруді жөн санаймыз және оның есімін осылай ардақтағымыз келеді», - делінген петицияда.
Естеріңізде болса, өткен жылдың 19 шілдесінде Денис Тен пышақ жарақатынан көз жұмды.