«Иван Ярыгин» турниріне Қазақстан атынан кімдер қатысады
Еркін күрес пен әйелдер күресіндегі балуандар үшін жаңа маусымның алғашқы ресми жарысы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24-27 қаңтар күндері Красноярск қаласында дәстүрлі «Иван Ярыгин» турнирі отызыншы рет өтпек.
Бүкіләлемдік күрес қауымдастығы турнирге қатысатын спортшылар тізімін жариялады. Олардың арасында екі қазақстандық балуан бар.
Ярыгин турнирінде ел намысын 57 келідегі Абзал Өкенов, 70 келідегі Асхат Слямханов пен 76 келіде бақ сынайтын Эльмира Сыздықова қорғамақ.
«Иван Ярыгин» турнирі Гран-при санатындағы рейтингілік жарыстар тізбегін бастайды. Турнирдің жеңімпазы 8 ұпай еншілесе, күміс жүлдегер 6, қола жүлдегер 4, ал бесінші орын иегері 2 ұпай иеленеді.
Еркін күрес пен әйелдер күресінде бұдан бөлек тағы үш ірі турнир өтпек. Атап айтар болсақ, Дэн Колов (28 ақпан), Сассари (24 мамыр) және Ясар Догу (12 шілде).