Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Данияр Елеусіновтің кезекті айқасы қашан және қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстандық боксшы, Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін АҚШ-та наурыз айында өткізеді.

<span>27 жастағы боксшының менеджері Зия Әлиевтің айтуынша, Данияр 15 наурыз күні АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы әзірге белгілі емес.</span>

<span>Еске сала кетейік, Елеусінов соңғы кездесуін 24 қараша күні Монте-Карлода өткізіп, никарагуалық Маркос Мохиканы үшінші раундта нокаутпен жеңген болатын.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или