Джейкобс Головкин мен Альваресті салыстырды

Джейкобс Головкин мен Альваресті салыстырды

Орта салмақта IBF чемпионы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альваресті салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Головкин және Канеломен жекпе-жектер – бұл бокс шыңы. Бұл екі жігіт – әлемдік деңгейдегі боксшылар. Бірақ Канело біздің жекпе-жекке нақты әсер қоса алады – ол супержұлдыз. Оны тағатсыздана күтіп жүрмін», - деді Джейкобс.

Айта кетейік, 2017 жылы Нью-Йоркте Джейкобс Головкинге төрешілер шешімімен жол берген болатын. Енді биыл 4 мамырда ол Канеломен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или