Әйелдер құрамасы «Ұлттар кубогының» Суперкубогын иеленді

Әйелдер құрамасы  «Ұлттар кубогының» Суперкубогын иеленді

16 мен 20 қаңтар аралығында Сомборада (Сербия) «Ұлттар кубогы» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 20 елден 170 боксшы қатыспақ. Қазақстан құрамасы жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманы алып барған. 

Әйелдер құрамасы 11 медальмен үйге оралмақ. Оның бесеуі алтын, бір күміс және бес қоласы бар. Алуа Балқыбекова (48 келі) финалда ресейлік Юлия Чумгалакованы 4:1 есебімен жеңіп кетті. Ангелина Лукас болса 51 келіде отандасы Назым Қызайбайдан басым түсіп, алтын иеленді. Дина Жоламан 54 келіде төрешілердің шешімімен венгриялық Сабина Шуцсты қапы қалдырды. Римма Волосенко 60 келіде Сара Берамды ұтып, турнирдің үздік боксшысы атанды. Ләззат Күнгейбаева ресейлік Александра Дмиртриеваны жеңді.   

Қазақстандық спортшылар ересектер, жастар және жаспөспірімдер құрамасының нәтижесі бойынша Суперкубокты иеленді. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или