Пакьяо: Мейвезермен жұдырықтасуға дайынмын
<span>Филиппин кәсіпқой боксшысы Мэнни Пакьяо америкалық Флойд Мейвезермен екінші рет жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді. </span>
Жартылай орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Мэнни Пакьяо (60-7-2, 39 КО) бүгін Эдриен Бронермен жұдырықтасып, титулдық белбеуін сақтап қалды.
<span>«Мен спорттық мансабым аяқталмағанына сенімдімін. Мен оны Лукас Маттисемен өткен жекпе-жекте және бүгін дәлелдедім. Бокстағы жолым әлі де жалғасады. Мейвезерге шаршы алаңға қайтып оралсын деңіздер, біз қайтадан жұдырықтасамыз. Ол қайтып келемін десе, мен жұдырықтасуға дайынмын», – деді Пакьяо. </span>
<span>Айта кетейік, Мэнни Пакьяо 2015 жылы жартылай орта салмақта WBC, WBO және WBA Super титулдары үшін Мейвезермен жекпе-жек өткізіп, жеңіліс тапқан еді.</span>