Мейірім Нұрсұлтанов отандық кәсіпқой боксшылар арасында үздік үштікке енді
Мейірім Нұрсұлтанов (10-0, 8 КО) қазақстандық кәсіпқой боксшылар арасында үздік үштікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшы жақында өткен жекпе-жегіндегі жеңістен кейін, BoxRec.com сайтының нұсқасы бойынша отандық кәсіпқой боксшылар арасында үшінші орынға жайғасты.
Бірінші орында 263 ұпаймен орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) тұрса, ал екінші орынға 50 ұпаймен Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) орналасқан.
Нұрсұлтанов калифорниялық Санта-Инез қаласында өнер көрсетіп, мексикалық Рамон Агинагуды жеңген болатын. Жекпе-жек екінші раундта нокаутпен аяқталды. Енді ол орта салмақта BoxRec рейтингісінде 32-ші орынға көтеріліп, Ванес Мартиросян жәе Гэри О’Салливан сынды боксшыларды артта қалдырған болатын.