2018 жылғы Олимпиада жүлдегерінен қатерлі ісік табылды
Канадалық сноубордшы Макс Пэррот қатерлі ісікке байланысты осы маусымға қатыса алмайды.
Пхенчхандағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегеріне лимфогранулематоз диагнозы қойылған.
«Бұл жаңалықтан соң әлі де өзімді нашар сезініп жүрмін. Ең жаманы – толық маусымды жіберемін, себебі бұған дейін ешқандай сайыс өткізбеген едім. Сырқат мен үшін жаңа сынақ болды. Оны жеңу үшін бар күшімді саламын. Ең басты мақсатым – келесі жылы сайыстарға оралу», - деді Пэррот.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или