Олимпиадаға қатысқан спортшы допингті жиі қолданғанын мойындады

Олимпиадаға қатысқан спортшы допингті жиі қолданғанын мойындады

Австриялық шаңғышы Йоханнес Дюрр неміс журналисі Хайо Зеппельттің фильмінде бірнеше рет допинг қолданғанын мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Өзімді сақ ұстауға тырыстым, полиция немесе басқа адамдар мені көріп қалмауын қадағаладым. Бірақ әрқашан мені біреу аңдап тұрғандай сезімде болатынмын. Менен қан алған кездері қатты қобалжитынмын. Мені ұстап алады деп қорықтым», - деді Дюрр.

Спортшының айтуынша, ол допингпен ұсталған кезде өзін-өзі өлтіруге де тырысқан. Бірақ ұлын ойлап, бұл ойынан бас тартыпты.

Ол 2014 жылы Сочи Олимпиадасына қатысқан болатын. Бірақ жүлделі орын ала алмады. Осы қысқы ойындар барысында спортшының қанынан эритропоэтин табылып, ол екі жылға спорттан шеттетілген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или