Галышева топ басында келеді

Галышева топ басында келеді

Фристайл-могулдан Лейк-Плэсидте өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Юлия Галышева топ басында келеді деп жазады Olympic.kz. 

Галышева 75.24 ұпаймен бірінші орында. Олимпиада чемпионы, франциялық Перрин Лафон екінші (75.22), австралиялық Джакара Энтони  (74.21)үшінші сатыда. 

Өкінішке қарай, Аяулым Әміренова 35-ші орын иеленіп, іріктеуден өткен жоқ.

Ерлер арасында Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд финалдық кезеңге қатысу мүмкіндігін иеленді. 

Финалдық бәсеке 18 қаңтар күні өтетінін еске саламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или